Bugin

Астанада адам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада адам ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Антикорға сілтеме жасап.

Адам ұрлаған күдіктілер А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапанов екендігі анықталды. Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар адам ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған.

"Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы анықталуда.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі"-делінген хабарламада.