Bugin

Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлемдерден бас тартқаны үшін әуелі ескерту беріледі. Ескертуге назар аудармай, тағы шағым түссе, шамамен 150 мың теңге айыппұл салынбақ.

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарынан бастап бизнес жаппай қолма-қол ақша төлеуді талап ете бастады.

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның нормалары банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап), деп атап өтті ведомствода.

Егер сіз төлемді қолма-қол ақшасыз қабылдаудан бас тартқан сатушыға тап болсаңыз болсаңыз, салық қызметіне хабарласуға болады.