Bugin
Ер адам азық-түлік дүкеніне кіріп, әйелге кірпішпен шабуыл жасаған. Шабуылдан кейін қаскүнем 20 мың теңгені алып, із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Батыс Қазақстан облысы полиция басқармасының қызметкерлері тонаушыны кідіріссіз қолға түсірді.
"Бәрі бір түнде болды. Кешке қарай дүкенге бір жас жігіт кіріп тамақ сұрай бастады. Не керек екенін тізіп алып, пакет керек пе деп сұрадым. Пакет алуға еңкейгенімде арқамнан соғып кетті", - дейді азық-түлік дүкенінің сатушысы.