Bugin

Шымкенттегі мешітте ер адамның ерсі әрекеті әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі мешітте ер адамның ерсі әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеу жүргізген.

Ер адамның айтуынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілгіште тұрған, құны 800 000 теңгелік сырт киімін ұрлап кеткен.

"Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “ұрлық” бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.Оқиға болған жердегі бейнекамераларды тексеру кезінде күртешені киіп , “ізін суытуға” асыққан жігіт көзге түсті. Полицейлер оның жеке басын анықтап, қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды"-делінген хабарламада.