Bugin

Жер астына түсіп кеткен құтқарушылар табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарда шахта маңында автобуспен бірге жер астына түсіп кеткен құтқарушылардың екеуі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Екі күннен бері іздеу жұмыстары жалғасуда. Бірақ құтқарушылар әлі табылмады.150 метр тереңдіктегі шұңқырды топырақ басып қалған. Жыраның шеті опырылып, құтқарушыларға қиындық тудырып тұр.

Іздеу жұмыстарына Астанадан арнайы кинолог мамандар шақырылды. Өйткені, терең шұңқырға түсу құтқарушылардың өзіне де қауіп төндірген. Құтқару жұмыстарына барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.