Bugin
Атырауда өртке күйіп қалған үш айлық сәби қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Жарылыс салдарынан бір отбасының 5 адамы ауруханаға түскен еді. Кеше облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық сәби қайтыс болды.
Бүгін бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бала жатыр", -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.