Bugin

Танымал актер екі қызымен бірге ұшақ апатынан мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал Голливуд актері Кристиан Оливер екі қызымен ұшақ апатынан қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС сайтына сілтеме жасап. 

Апат Кариб теңізі аралдарына жақын жерде болған. Оқиға орнында ұшқыш та мерт болды. Роберт Сакстың иелігіндегі ұшақ болған. Ұшақ ұша салысымен қиындық туындап, ол мұхитқа құлаған.

Ұшақта үш жолаушы болған: АҚШ-тан келген 51 жастағы Кристиан Клепсер (шын аты Кристиан Оливер) және оның 10 және 12 жасар екі қызы — Мадита Клепсер және Анник Клепсер, — делінген Сент-Винсент және Гренадин корольдік полициясының Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.