Bugin

Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден бастап өтемақы төленетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Барлық азаматқа 100 мың теңгеден бастап төлем төленеді екен. Бұл өтірік, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мессенджерде жарияланымның астында жалған пікірлер жазылған.

Жарнамада ұсынылған сілтеме Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жалған сайтына бағытталған. Онда "2020-2029 жылдар аралығында азаматтарға арналған өтемақы жобасы" туралы "жаңалық" жарияланған. Оның мөлшері өткен жылдағы шығындарыңыздан, жұмыс тәжірибеңізден және сатып алу қабілетіңізден құралады екен. Бұл халықтың сатып алу және еңбек қабілетін ынталандыру үшін жасалуда.

Алаяқтардың айтуынша, бұл төлемдер тек 2024 жылдың соңына дейін ғана төленеді, сондықтан ақпаратты бүгін тексеру керек.