Bugin
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде вакциналанбаған балаларға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Жалған ақпаратты әлеуметтік желідегі "Qaznews24" сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі" деп аталатын аккаунт таратқан.
Оның профилінде аккаунт шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жариялайтыны көрсетілген.
"Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан берілетін төлемдерден айырылатыны туралы хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік", - делінген хабарламада.