Bugin

Тек қолма-қол ақша сұраған саудагерлерге қанша теңге айыппұл салынатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тек қолма-қол ақша сұраған саудагерлерге қанша теңге айыппұл салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Егер кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, тұтынушы шағымдана алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер агенттігі айтты.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңсыз. Бұл тұтынушылардың құқығын бұзады. Өйткені «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларына сәйкес, тұтынушы банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлем жасай алады. Кәсіпкерлердің төлем картасын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту деректері бойынша тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады», - делінген хабарламада.