Bugin
Фото. depositphotos.com
Қыс мезгілінде иммунитет әлсіреп, адамдар арасында маусымдық аурулар өршіп кетеді. Бұған жол бермеу үшін қандай өнімдерді тұтыну керектігі анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстанның Республикалық эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразиттік аурулар орталығының директоры Ботир Тожиев:
"Ең алдымен тұзды, ащы, майлы тағамдардан бас тарту керек. Құрамында қант пен кофеин бар өнімдерді тұтынуды шектеген дұрыс. Олардың орнына асқабақ, сәбіз, қызылша, қызанақ, пияз, сарымсақ, сүт өнімдері, алма, цитрус жемістері, майсыз ет, балық және бал жеген жөн",-деп кеңес береді.
Бұл дәмді тағамдар ағзаны минералдар мен витаминдермен қанықтырады және иммундық жүйені нығайтады.
Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілетін арттыратын өнімдердің бірі – пияз. Ол ағзаға енген микробтармен күресуге көмектеседі, рак клеткаларының өсуін тоқтатады және иммунитетті арттырады.
Сарымсақ пиязы стресстен кейін денені қалпына келтіруге көмектеседі, бауырды тазартады. Бұл қабыну мен ісіктермен күресудің тамаша құралы.
С дәрумені де иммундық жүйені нығайтады. Ол көп мөлшерде лимонда, лаймда, апельсинде, тәтті бұрышта және қарақатта кездеседі.
Зімбір – ағзаның ауруларға төзімділігін тез күшейтетін минералдар мен витаминдерге бай өнім.
Күніне бір шай қасық бал жеу денсаулыққа да пайдалы.
Дегенмен, аллергияға бейім және созылмалы аурулары бар адамдар бұл өнімдерді тұтынбас бұрын дәрігермен кеңесу керек.