Bugin

Аспанда ұшып бара жатқан ұшақтың есігі сынып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: unotv.com

Америкалық Alaska Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing-737 бортындағы қысымның төмендеуіне байланысты шұғыл қонды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі meduza.io сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ 5 қаңтарда Портлендтен Онтариоға ұшып бара жатқан. Ұшқаннан кейін көп ұзамай, шамамен 5000 метр биіктікте ұшақтың авариялық шығу есігі сынып қалды. Нәтижесінде борттағы қысым төмендеп, экипаж дереу кері бұрылуды ұйғарды. Боинг ұшағынан 35 минут өткен соң жерге аман-есен қонғаны атап өтілді.

Ұшақ бортында 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Alaska Airlines өз паркіндегі барлық Boeing-737 ұшақтарын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Boeing зауытының өкілдері оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жинап жатқанын және тергеуге көмектесуге дайын екенін хабарлады.