Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысында шахтаға құлап кеткен автобус табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкім инстаграм парақшасына:
"Біз "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жалғастырудамыз. Бүгін таңертең "АК Алтыналмас" АҚ (Балқаш қ.) мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді.
Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Нәтижелері өңделіп, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды.
Сағат 20.00-де штабтың отырысын өткізіп, автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру үшін траншея дайындау жұмыстарын және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын күшейту туралы шешім қабылданды",-деп жазды.
Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61