МӘДЕНИЕТ

Қадыр Мырза Әли Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстазы болған ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: qazaqstan.tv

Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туғанБиыл ақынның туғанына 89 жыл толады. Bugin.kz порталы танымал жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет ұсынады.

Латыншаны мектепке дейін үйреніп алған,  кейіннен нағашысымен жағаласып жүріп кириллица әліпбиін де жаттап алған.

Алғашқыда өлең жазуды әдетке айналдырып жүрген кезінде жазған жинағын жақын досы өртеп жібереді. Сол кезде Қадыр досының ол әрекетіне ренжімей, керісінше, жаман өлеңдерден құтылуыма көмектесті деп досына алғысын білдіреді.

Өлім аузынан талай  аман қалған.  Үш рет суға кетіп қала жаздап, биіктен құлап, екі-үш рет ит қапқан.

Кедейліктің тауқыметін тартқаннан  мектеп кезінен жұмыс істеп үйренген. Жұмыстың кесірінен алтыншы класта жүріп оқымай қалған, сегізінші класта бір рет сабақ жіберіп, оқуды қолдан шығарып алған

1957 жылы Қаскелеңде Абай мектебінде өндірістік тәжірибеден өткен. Практикадан өтіп сабақ берген кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы  9-сыныпта оқыған. Аз уақыт болса да тұңғыш Президентке қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық еткен

50-ге жуық өлең жинақтың, әдеби-сыни, балалар кітабының авторы. Көптеген өлеңдері орыс, неміс, ағылшын, француз, фин, қырғыз, татар және де басқа тілдерге аударылған. 

Бала кезінен кітапты сүйіп оқыған. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) бес жыл оқығанда жас болып көп қыдырмаған. Оқуды жөн көріп, кітапханаға барып апта сайын 10-15 автордың кітабын алып үйге қайтатын болған.

1960 жылдардың аяқ кезінде Алматыда Мағзұм Сүндетов деген жазушымен бірге қазақша төрт класс аштырған.

1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланғанда Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев бірлесіп жазған мәтін 750 нұсқа арасында жеңіп шықты.

Жұбайымен 5 курста оқып жүргенде педагогикалық тәжірибеге барғанда танысқан.  Салтанат апамыз бұл кезде 10-сыныпта оқыған.

Геннадий Колбин комиссия құрған кездері сол комиссияның бір мүшесі болған. 

1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық "АВЬЯС" сыйлығына ие болды.

                                        Ақпарат әртүрлі дереккөзден алынды

                                         Материал авторы: Бану Әбдіғалиева