Bugin

17 жастағы жасөспірім ойынның кесірінен қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Оралда 5 қаңтар күні сағат 23:41-де ойын барысында 17 жастағы қыз жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілгенмен есін жимай көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір қыз достарымен ескі капотқа мініп, оны көлікке жалғап сырғанаған. Олар сырғанап келе жатып газ тірегіне соғылды. Қазіргі уақытта екі көлік полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", деп хабарлады ведомство.

Марқұмның жергілікті колледжде оқығаны белгілі болды.