Саясат

Ферғанада адам етін сатқаны рас па?

Өзбекстанның арнайы күштік құрылымдары жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Бас Прокуратурасы "Ферғанадағы ет базарында адам етін саудалады" деген хабарламаға байланысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында хабарламаның жалған екені анықталды.  

"Ферғана облысының Прокуратурасы барлық айтылған хабарламаға сай тексеріс жүргізді. Аталмыш хабарды таратқан азаматтың психикалық ауытқуы бар екені, арнайы тізімде тұрғаны анықталды. Бұндай ақпаратты 1940 жылы дүниеге келген ер азамат таратқан. Ол 1985 жылдан бері арнайы психикалық тізімде тұр", – деді  прокуратураның баспасөз хатшысы.

Азамат Facebook пен Telegram әлеуметтік желісінде Ферғанадағы саудагерлер қабірлерді қазып, адам етін саудалайтынын айтып, Өзбекстан президентіне арнайы видеоүндеу тастаған еді. Бұл жалған ақпарат халық арасына үрей тудырып, елді шошытқан болатын.