Bugin

Мұхтар Мағауин: "Шерхан Мұртаза және тағы екі жазушы жерді сатуға қол қойды"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр

Тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Мұхтар Мағауин “Халық үні” ютуб-арнасына сұхбат берді. Сұхбатта бірнеше жазушының “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойғанын, ішінде Шерхан Мұртазаның да болғанын айтты.

"Дарақылық. Мәдениеттің төмендегі. Ұлттық сананың жоқтығы. Осы арқылы адамдар мал тапқысы келеді. Сол адамдар түбінде батыр болып шықты. Шерхан Мұртаза “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойған. Кезінде жердің сатылуына бүкіл жазушылар қарсы болды. Сол кезде Алтынбек Сәрсенбаев ұйымдастырып, жиналыс өткіздік", - деген сұхбатта.

Мұхтар Мағауиннің айтуынша, жиналысқа шығармашылық ұйымдар, суретшілер, композиторлар келген.

"Жиналыста ойымды ашық айттым. Сол кезде мақала да жаздым, бірақ газетке жарияланбай қалды. Жиналысқа Шерхан Мұртаза келген жоқ. Ол: “Жер сатқан дұрыс. Ертең қартайған кезде жерсіз қалай отырамын”,- деп айтқан. Парламентте бүкіл жазушылардың ішінен үш адам “Жер сатылсын” деген құжатқа қол қойды. Шерхан Мұртаза, Фариза, Исабаев болды. Ол “Ауыл” деген партияның төрағасы болды. Екеуі – шешуші дауыс болды", - дейді ғалым берген сұхбатында.