Bugin
Фото: әлеуметтік желіден алынды
Ақтөбенің бетке ұстар азаматтары әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы wrestling_team.kazakhstan инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
"Жылқы-қазақтың рухы екені баршаға мәлім... Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары "Тақымыңнан тұлпар кетпесін" деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту еткен.
"Үнемі балуандарға қолдау көрсетіп жүрген Марат Жанғозин ағамыздың ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында Ризабек Айтмұхан облыс әкімі Асхат Шахаровпен және де бірқатар лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ-тілек, батасын алды", деп хабарлайды wrestling_team.kazakhstan .