Bugin
Фото: depositphotos
Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасында төбелес болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы egovpress.taraz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
"Отар оқу-жаттығу орталығына қарасты No30212 әскери бөлімінің сарбаздары төбелесіп, бейбіт тұрғындарды соққыға жыққан", - делінген инстаграм парақшадағы жазбада.
Қорғаныс министрлігі Отарда болған төбелесті растады.
"1 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды", - делінген министрліктің Qaz365.kz тілшісіне берген жауабында.