Bugin

18 жастағы қыз өз бауырын пышақтап өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

18 жастағы қыз 9 жасар бауырын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Ош қаласының Тұран районында болған. 9 жастағы бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлайды.

Полиция мәліметінше, баланың өліміне өз бауырының қатысы бар.

"Бауырлардың ортасындағы жанжалдан қыз бала бауырының көкірегіне пышақ сұққан. 2005 жылғы қыз үйден қашып кеткенімен, полиция оны тапты. 18 жастағы күдікті қазір абақтыда",-дейді Ош қалалық ішкі істер басқармасы.