Bugin

Полицейлер әйелімен ұрысып, жоғалып кеткен Ақмола тұрғынын тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысында 4 қаңтар күні әйелімен жанжалдасып қалған ер адам жоғалып кетті. Полиция ер адамды тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Liter.kz сайтына сілтеме жасап.

716.kz порталының хабарлауынша, ақмолалық тәртіп сақшылары жоғалып кеткен Щучье қаласының 35 жастағы тұрғынын тапқан. 4 қаңтарда әйелімен жанжалдасып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Полицейлер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпаратты барлық қалалар мен аудандарға жіберген. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. БАҚ пен әлеуметтік желілерде  жоғалған адам туралы суреттер жарияланды. Нәтижесінде ер адам Астрахан ауданы Жалтыр ауылынан табылды. Ол тірі және жағдайы жақсы.

Өз кезегінде ер адам ешкімге шағымы жоқ екенін және ауылға өз еркімен келгенін айтты.