Bugin

Алматы облысында мұғалім асырап алған қызын ыстық сумен күйдіріп, азаптаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желі

Алматы облысында өгей анасы асырап алған сегіз жастағы жетім қызды қорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "НемолчиKZ" қорына сілтеме жасап.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары жәбірленушінің бейнежазбасын "НемолчиKZ" қорына жіберген. Оның айтуынша, асыраушысы моншада шелекпен ұрған, денесіне қайнаған су құйған.

"Қызды жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алған. Үнемі таяқ жеген қыз шыдамай, жарты жылдан соң қашып кетеді. Артынша танысы тауып, қайтадан сол үйге апарады. Жәбірленуші қыз бұл қылығы үшін тағы да таяқтың астында қалған көрінеді", делінген хабарламада.

Еңбекшіқазақ ауданында 9 жасар жетімге қатысты зорлық-зомбылық фактісін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева растады. Ол қыз ауруханада жатқандығын мәлімдеді.

"Осы уақытқа дейін Ташкенсаз ауылында 18 жыл өтілі бар мұғалімғе қылмыстық іс қозғалған. Жетім қыз қазір ауруханада жатыр. Қорлап, ұрып-соққан. Қызды қатты аяймын. Осындай жағдайда қайда жүгінемін, айтыңызшы", деп ауыл тұрғыны қордан көмек сұраған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.