Bugin

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, бір адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Аққұм ауылында болған. Тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты. Жарылыстың әсерінен баспананың қабырғалары қирап, төбесі опырылып түскен.

Оқыс оқиға орын алғанда үйде 5 адам болған. Мамандар 50 литрлік газ баллоны жарылған деген болжам айтып отыр.

"Тұрғын үйден 1948 жылы туған азаматшаның мәйіті шығарылды. Қазіргі таңда департаменттің анықтау бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 292-бабына сәйкес Қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық, сот-медициналық, өрт сөндіру зертханасы бойынша сараптама тағайындалды. Себеп-салдары анықталып жатыр", - дейді облыстық ТЖД Басқарма бастығы Асхат Оразбеков.