Bugin
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы заңгер Жанна Мұхамади әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адвокаттың айтуынша, өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушы тарапынан өтініштер түскеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі.
"Қазір біз іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Мұндай істер бойынша менің тәжірибем жеткілікті, бұрын да қатыстым. Бірақ мен сарапшылардың қорытындысына таңғалдым. Мұндай қатыгездік пен байсалдықты бұрын-соңды көрген емеспін. Қазір Салтанаттың туыстарына деген құрметімізден кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз", - деп жазды Жанна Мұхамади.