Bugin

Мектеп оқушылары суицид және зорлық көрінісі бар сайттарды қараған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҚО-ның 14 мектебінде оқушылар суицид және зорлық көрінісі бар сайттарды қараған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында рұқсат етілмеген сайттарға кіргені анықталған.14 мектептің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері тіркелген. 

Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды.

Оқушылардың осы әрекеті үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылған.