Bugin
Фото: КТК арнасы кадры
Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылған. Өрт толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Табылған анасы мен қызының денесі екен.
64 жастағы анасы мен 39 жастағы қызының өлі денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің арасынан табылды. Қайтыс болған екі әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал далада қалған алты адам туысқандарын паналап кеткен. Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден ғана материалдық қолдау көрсетеді, басқа көмек жоқ.