Bugin

Бір отбасының 5 адамы бір күнде қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қарақалпақстан Республикасында бір отбасының бес мүшесі көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Өзбекстанның Бас прокуратураның баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2023 жылдың 15 желтоқсанында болған. Шымбой ауданында азамат көрші үйдегі пәтердің иесі М.Б. және тағы 6 отбасы мүшелерінің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер тексерген кезде пәтер иесі 1957 жылы туған М.Б., 1961 жылы туған З.М., 1986 жылы туған С.Б., 2008 жылы туған А.А. және 2011 жылы туған М.А. қайтыс болғаны анықталды.

Сондай-ақ 1995 жылы туған Т.О. және 2000 жылы туған А.Б. Оның ауыр халде ес-түссіз жатқаны анықталып, аудандық медицина бірлестігіне жатқызылды.

Тергеу басталғанға дейін қазандық үйдің ішінде орналасқаны, көмірқышқыл газынан улану белгілері бар екені белгілі болды.

Бұл іс бойынша Шымбой аудандық прокуратурасы сот-медициналық сараптама тағайындап, тергеу басталғанға дейін тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталуда.