Bugin
Фото: depositphotos.com
Ер адам досымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал туындап, жанжал орны толмас қайғымен аяқталған. Бұл туралы Bugin.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті мәйітті өзенге лақтырып құтылуды ұйғарып, қашып кеткен. Ол кісі өлтіру ізін жасыру сәті видеоға түсіп қалады деп күдіктенбеді. Қылмыскер тұрғылықты жерінде ұсталды.
Қазір ол №53 қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Мұнда кісі өлтірушілер, педофилдер және басқа да аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді.
"Арыс жағасында арақ ішіп отырдық. Сол күні көп іштік. Алғашында қалыпты әңгімелестік. Кейін ол мені балағаттап, қорқынышты сөздер айта бастады. Мен ұзақ уақыт бойы шыдамды болдым! Сосын менің есімде ештеңе жоқ. Есімді жисам, ол менің алдымда жатыр. Өліп қалыпты. Мен оның басынан таспен ұрдым. Сосын мәйітті алып өзенге лақтырып жібердім",- дейді сотталушы.
Кісі өлтіргеннен кейін ол үйіне оралып, заттарын лақтырып, қанды жуған. Алайда ол «ізін жасыру» әрекетін куәгерлер түсіріп алғанын ескермейді. Олар қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Досын өлтірді деген күдікті сол күні ұсталып, 17 жылға сотталды.
«Мас хәлде болғаным қылмысымды ақтап, жазамды жеңілдеткен жоқ. 17 жыл бас бостандығымнан айырылдым»,-дейді жазасын өтеуші.