Bugin
Фото: Отырар телеарнасынан скрин
Шымкент зообағындағы арыстан үшем туды. Өткен жылы қазанда туған аландар, үш ай бойы бақылауда болған. Кеше зообақ қызметкерлері кішкентай арыстандарды көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент зообағында үш бірдей алан дүниеге келді. Былтыр 28 қазанда Симба мен Тану атты арыстан жұбынан 2 аталық пен 1 аналық күшік туған. Зообақ қызметкерлері 3 ай бойы аландарды бақылауда ұстаған.
Зообақ қызметкері Бағдат Әмзебек:
"Қазіргі уақытта бұлардың жағдайлары бәрі жақсы. Мед қызметкерлер, бөлім қызметкерлері бұлардың жағдайын бақылауда ұстауда. Қазіргі уақытта анасының қасында сүтпен қоректенеді. Алдағы 1-2 айда етпен қоректендіре бастаймыз",-деді.
Туған кезде аталықтарының салмағы 5 келі болса, ұрғашы аланның салмағы 4 келі 700 грамм болған екен. Қазір аталық аландардың салмағы 14 ал, аналық аланның салмағы 12 келіден асады. Жыртқыш аң Симбаның жүрегі аналық мейірімге толы. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, арыстан ана балаларын тіпті өз әкесінен де қызғанады.