Bugin
Фото: depositphotos
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында "Костенко" шахтасындағы қайғылы жағдайға кінәлі деп айыпталған адамдардың аты-жөнін атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл — қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Бұл — жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, «"рселорМитттал Теміртаудың" көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар", — деді Сырым Шәріпханов.