Bugin
Фото: depositphotos
"Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорнының директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Алматыдағы коммуналдық кәсіпорынның басшысы пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.
"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы Тазалық" сақтау қоймасы МКҚК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол қомақты сомада 2,7 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актісіне қол қоюға, мемлекеттік сатып алу және жалпы патронаж бойынша қосымша шарттар жасасуға арналған", - делінген хабарламада.