Bugin

Ақтөбе облысында қамыс оруға барғандар көлге батып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Шалқар ауданында болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  kaz.tengrinews инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

"Үш адам ВАЗ-2110 жеңіл көлігімен Шалқар көлінің үстімен өткен сәтте мұз астына түсіп кеткен. Тұрғындар қамыс оруға барған. Көлік ішіндегі 1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күштерімен жағаға шыққан. Ал үшінші адам шыға алмай, суға батып кеткен", - делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар департменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды  ескертті. Мұз жұқа болған жағдайда оның бетіне шығуға, топ болып жиналуға, ойықтарға жақындауға болмайды.