Bugin
Фото: depositphotos
Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елордалық сотқа сілтеме жасап.
2023 жылдың 3 қарашасында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тапсырыспен кісі өлтіру ісі бойынша екі ер адамға үкім шығарды.
"Сотталған: сотталушы Ш., алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалған, пайдакүнемдік мақсатта, сондай-ақ жалдау бойынша адам өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін - 10 жылға дейін. Қылмыстық кодекстің (28-баптың 3-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі, 7-тармақтары).
Сотталушы Н.-ға іске қатысқаны үшін – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігі, 7,8-тармақтары)", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі
Сот анықтағандай, сотталушы Ш. сотталушы Н.-ны әйелінің әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге міндеттеген. Қылмысты жасауға түрткі болған себеп – сотталушы Ш.-ның әйелінің туысы сақтап қойған ақшаны жұмсағаны.