Bugin
Перзентханада өрт шығып, төрт сәби көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт Бакудегі республикалық перинаталдық орталықта болған. Өрт салдарынан төрт сәби қаза болды.
Перинаталдық орталықтың босану бөлімінде өрт шыққаны туралы хабар 9 қаңтар күні сағат 03.26-да түскен.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметкерлері жетіп, өрт аз уақытта сөндірілген. Бірақ сәбилер түтінге тұншығып, қаза болған.
Әзербайжанның бас прокуратурасы, төтенше жағдайлар министрлігі Бакудегі республикалық перинаталдық орталықтағы өрттің шығу себебі туралы алдын ала қорытындыны бөлісті.
"Орталықтың жаңа туған сәбилерге арналған қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатқан төрт нәрестенің мәйіті табылғанын қайғыра хабарлаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Әзербайжан қылмыстық кодексінің екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, сондай-ақ абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан немқұрайлылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.