Жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

 

Батыс Қазақстан тас жолында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 9 қаңтар күні сағат 17:17-де Жаңақала-Чапаев тас жолында болған. Куәгерлердің айтуынша, Жанақала ауданы, Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасындағы жолда Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысқан.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті:

"Апат салдарынан бес адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталып жатыр. Құтқарушылар мәйіттерді көліктерден шығарды", - деп хабарлады.

Куәгерлердің мәліметіне сүйенсек, марқұмдардың төртеуі бір отбасыдан болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61