Bugin

Алматыдан да үлкен жаңа қала қайда салынатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: canva.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 9 қаңтарда "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстанда жаңа қала пайда болды. "Алатау қаласы" деп аталады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, ел Үкіметінің 2009 жылғы 2 қарашадағы №1740 қаулысымен жаңа шаһарды "Алматы облысының "Golden City" серкітес қаласы" деп атау бекітілген еді. Енді ескі Үкіметтің ол қаулысының күші жойылады.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін. Біріншіден, Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Екіншіден, Алматы облысының Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін. Үшіншіден, Үкімет осы жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын", – деп жазылған Мемлекет басшысының жаңа жарлығында.

Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни кешеден бастап қолданысқа енгізілді. Осылайша, бұған дейін Жетіген аталып келген ауыл таратылып, оның орнында Алатау қаласы бой көтереді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне жүгінсек, Алатау – Қазақстандағы 90-шы қалаға айналады.

Нәтижесінде, республикада 17 облыс, 90 қала, соның ішінде республикалық маңыздағы 3 қала-мегаполис, 190 аудан, 29 кент, 2 177 ауылдық округ және 6 294 ауыл болады