"Қорлады": Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы көрген зорлығын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жібек жолы арнасы. Скриншот

Жанар Байсемізованың "шетелдегі қазақ балалары" жобасында Ләззат Шашуованың шетелдегі өмірі баяндалды. 4 жасында балалар үйінен Америкаға қоныстанған оның жан сырын Bugin.kz тілшісі назарларыңызға ұсынады.

Оның есінде өзі тәрбиеленген балалар үйі еміс-еміс қалған. Тілі қазақша шыққан. Мектептен соң білім алмаған. Өмірде не қалайтынын әзірге білмейді. Жасы 25-те. Асырап алған ата-анасы психологиялық қысым көрсеткен екен. 

"Өзімнің кім екенімді түсінбей өстім. Мен кіммін деген сұрағыма жауап болмады. Асырап алған кісілер миыма бір нәрсені құя беретін. "Біз асырап алғандықтан да жақсы өмір сүріп жатырсың. Жетімдер үйінде қалсаң, жегенің желім, ішкенің ірің болатын еді" дегенді қайталап айта беретін. "Қазақстанда қалсаң, өмірің жаман болатын" деген сөзді жиі айтатын. Ана тілімнен, туған жерімнен айырылған күйінішімді толық сезінуге мүмкіндік бермейтін. Басып тастайтын. Ойымды өзгертуге тырысатын. Ұрып-соққан жоқ. Бірақ сөзбен аямай сабады. Ауыр сөзбен-ақ жанымды тілгілеп, жаралағандарын өздері түсінбеген болар. Олар маған эмоциялық тұрғыда зорлық-зомбылық жасады. Сезімдерімнің құнын түсірді. Қорлады", - деп мұңын шақты кейіпкер.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61