Bugin

Әлемде ең алғашқы ұшатын автокөлік шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Alef Aeronautics / SWNS

Әлемдегі алғашқы ұшатын көлік Американың Детройт автосалонында көрсетілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі nypost.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 "Alef Aeronautics стандартты седанға қатты ұқсайды. Пішіні  ұшатын табақша тәрізді. Салоны екі жолаушыға арналған. Model A көлігінің прототипін таныстырды", - делінген хабарламада.

Әлемдегі алғашқы ұшатын көліктің сериялық өндірісі шамамен екі жылдан кейін басталады деп жоспарлануда. Көліктің бағасы шамамен 300 000 долларды құрайды.