Bugin
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Синоптиктер елімізде 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Болжамға сәйкес, барикалық түзілімдердің тез өзгеруі бүкіл Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райының орнауына ықпал етеді. Солтүстік аймақтарда қарлы, желді ауа райы қысқа мерзімді аязға айналса, ал оңтүстік аймақтарда қатты жауын-шашын болып, соңы қарға айналады. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ құбылыстары пайда болады.
"Аязды 11 және 13 қаңтарда батыс облыстардың тұрғындары, 11-12 қаңтарда солтүстік облыстардың тұрғындары сезеді, түнде термометрлер 20-32 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.