Bugin

"Шетелдік банктен ақша алған": Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет кірісіне 650 миллиард теңгені қайтарғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.

"Бүгінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату") бойынша соталды тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалды түрлі мүлікті, оның ішінде шетелде де мүлік сатып алған. Ол Қазақстандағы және шетелдегі банктерден ақша алған. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. Сондай-ақ, салықтан жалтару фактісі бойынша тағы бір соталды тергеу жалғасып жатыр. Жаңа ақпарат болса, біз оны жариялаймыз", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды тиесілі болған барлық актив бұғатталған.

"Олар мемлекет пайдасына қайтарылады. Бүгінде мемлекетке 850 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды", - деді Арман Тілеукенов.

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының ісі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған еді. Ол кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталған болатын.