Bugin

Жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызмет

"Өскемен-Семей" тасжолында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 2 адам көз жұмды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Өскемен – Семей тасжолының 23-шақырымында болған.

"9 қаңтарда сағат 15:25 шамасында Саратовка кенті маңында "Нива Шевроле" және "Тойота" маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген ПД хабарламасында. 

Абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.