Bugin

"Рейстер кешігіп жатыр": Астана әуежайы ауа райына байланысты ескерту жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

nn-airport.kz

10 қаңтарда Астана әуежайы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа-райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.

"Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қалың қар, желдің жылдамдығы 10 м/с, алайда желдің екпіні 15м/с дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешігіп жатыр", делінген хабарламада.

Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ.

"Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған", деген.

Рейстері туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады.

Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999.