Bugin

Ақмола облысында полицейлер 16 шетел азаматын құтқарып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz 

Ақмола облысындағы тас жолда бұзылған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуацияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"10 қаңтарда Астана - Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai автобусын байқады. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырды", делінген хабарламада.

Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.

"Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарғаннан кейін ғана өз орындарын тастап кеткен. Жүргізуші полицияға қиын жағдайда көмектескені үшін алғысын білдірді", делінген басқарма мәліметінде.