Bugin

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

9 қаңтарда сағат 18:30 шамасында "Доссор-Бейнеу" тас жолының 74 шақырымында төрт автокөлік соқтығысып, соның салдарынан медицина қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

"Жолда" Газель" автокөлігі жедел-жәрдеммен, ал  "IVECO" автокөлігі "Rolfo Sirio"-мен соқтығысты.  Жол апатынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты", - делінген жазбада.

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

""Газель" автокөлігінің 1995 жылы туған жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, атыраулық полицейлер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда абай болып, жол ережелерін  сақтауды сұрайды.