Bugin

Белгілі депутат тергеушілерден қашып, екінші қабаттан секіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда белгілі депутат тергеушілерден қашып, Ақ үйдің екінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

9 қаңтар күні Жоғарғы Кеңестегі депутаттық комиссия Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақұлдаған. Одан кейін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері депутатқа шақыру қағазын бермекші болған. Ал депутат Жоғарғы Кеңестің ғимаратынан секіріп, қашып кеткен.

41 жастағы депутат өзінің қызметкерлерімен, серіктестерімен де ешқандай байланысқа шықпағаны анықталды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев өз ойын айтты.

"Бұл депутатты қамайын деп отырған жоқпыз. Оған айтыңдар, қашпай келе берсін. Қамамаймыз. Біз оның ісін тексеріске жібереміз",-деді төраға.