Bugin
Өзбекстанда тұтығып сөйлейтін баланы қылқындыру арқылы емдемек болған әйел анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Жызақ облысында болған. Әйел ер баланы қапсыра құшақтап, жекіп сөйлеп жатқан видеосы желіде тарап кетті. Ол әйел өзін әлеуметтік желіде кәсіпкер әрі ұстаз ретінде таныстырған.
Ол баланы тұншықтырып, сондай ақ анайы сөздер айтып қорқыту арқылы емдейтін әдісін көпшілікке көрсеткен.
Әйелдің бұл әрекеті Олий Мәжілістегі балалар құқығы бойынша өкіл мен құқық қорғаушылардың назарына ілікті. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары басталған.