Bugin

"Қазақфильмнен" ұрланған 400 миллион теңгеге Назарбаева мен Сатаевтың қатысы бары рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақфильмнен" ұрланған 400 млн теңгеге Назарбаева мен Сатаевтың қатысы бар болуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақфильмге" байланысты қозғалған қылмыстық іс "Ұлы дала таңы" фильміне қатысты өрбіп жатыр. Аталған туындыны Әлия Назарбаеваның продюссерлігімен режиссер Ақан Сатаев түсірген. Бұған дейін, прокуратура ұрланған қаражаттың фильм түсіруге бөлінгенін атап өткенімен, қай фильм туралы айтып жатқанын нақтыламаған. 

Ал таяуда DALA INSIDE телеграм арнасы іс "Ұлы дала таңы" фильміне қатысты өрбіп жатқанын хабарлаған. Kinopoisk порталында 2022 жылы шыққан "Ұлы дала таңы" фильмінің продюсері Әлия Назарбаева деп көрсетілген.

Ulysmedia.kz порталы осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне аталған істе "Әлия Назарбаева пен Ақан Сатаевтың құқықтық статусы бар ма?" деп сауалға мардымсыз жауап алған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-2-сұрақ бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізбегенін, өндірісте қылмыстық істер жоқ екенін хабарлайды", - деп қысқа қайырады агенттік жауабында.