Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жол апаты кеше Жаңақала ауданында болған. Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көлігі бетпе-бет соғысқан. Соққының салдарынан салондағы адамдар сыртқа ұшып кеткен. Ал жүргізушілер оқиға орнында қаза болған.
Сондай-ақ Тойота көлігіндегі жолаушылар — анасы мен екі қызы да қайтыс болған. Отбасы көрші ауылдағы жаназаға бармақ болыпты. Бұл отбасыда тірі қалған тек бір жарым жасар сәби ғана. Бірақ жас сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
"Өткен 10 күннің ішінде облысымызда 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам қаза тапты. Және 21 адам әр түрлі жарақат алып отыр. Бұл өткен жылдың екі айында болған жол-көлік оқиғаларымен теңесіп отыр. Сараптама бойынша 20 жылдың ішінде ондай болмаған жағдай. Біздің облысымызда болмаған"- дейді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61