Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com
Атырау облысындағы Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен. Құтқарушылар жоғалған азаматтарды тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдай министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпараты бойынша, 9 қаңтарда Атырау облысының Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, оралмаған.
"Жоғалып кеткендер таңғы сағат 8:00-де Батыс Қазақстан облысы Жанама ауылына қарай мал іздеуге автокөлікпен шығып, қайтып оралмады. Жоғалған адамдар 10 қаңтарда таңғы сағат 05:20-да табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61