Bugin

Бір күнде бай болған адам ақшасын өзгелерге бермекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos.com

Австрия тұрғыны 25 миллион еуроны мұра етіп алып, ақшаны қоғамда қайта бөлуге шешім қабылдады. Ол өзінің байлығын беру үшін азаматтық жиналыс ұйымдастырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марлен Энгельхорн химиялық алпауыт BASF-пен байланысы бар отбасынан ақшаны мұрагерлік жолмен алған. 31 жастағы қыз өзінің орасан байлығының қайта бөлінуін қалайды. Ол жылдар бойы өз елінде әділетті салық жүйесі үшін үгіт-насихат жүргізіп келген.

Ол мұрагерлік жолмен алған ақшаға салық салынбайтынына наразы. Сол себепті ақшасын жұртпен бөліспек.

Ақшаны бөлу үшін наурыздан маусымға дейін алты демалыс күндері жиналыс өтеді. Жиналысқа кездейсоқ таңдалған 50 азамат кіреді. Сарапшылардың жетекшілігімен олар ақшаны қалай және кімге бөлу керегін шешеді. Марлен бұл процесте сөз қозғамайды. Ол Австрия халқының 1 пайызы ұлттық байлықтың жартысына ие болуын әділетсіздік деп санайды.